Талапкер – 2022 – 2023 Оқу жылы
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-білім беру ұйымы) 2022-2023 оқу жылына 7 қазақ сыныптарына оқушы қабылдауға конкурстық іріктеу (бұдан әрі- конкурс) жарияланады. Конкурс арқылы 7-қазақ сыныпқа 65 оқушы қабылдау көзделген. Конкурс 2022 жылғы 15 – 30 сәуір аралығындағы бір күнде бір кезеңмен Шымкент қаласындағы «№90 мамандандырылған мектеп-гимназия» базасында «Дарын» РҒПО-ның ұйымдастыруымен тестілеу форматында оффлайн режимде өтеді. Конкурстың өту кестесі білім беру ұйымының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру 2022 жылдың 01 наурызы мен 01 сәуірі күндері аралығында qabyldau.daryn.kz сайтындажүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:
1. Үміткердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Үміткердің электрондық мекен-жайын көрсете отырып, үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
4. Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;
Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Ата-ананың (заңды өкілдің) электронды жүйе арқылы жоғарыдағы құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Атбұлақ елді-мекені, А.Абдусаттаров көшесі, №101 үй мекен-жайындағы мектеп-интернат базасына келіп, оның қызметкерлерінің көмегімен электронды құжат тапсыра алады. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.
Үміткер тек бір ғана мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін тестілеуге қатыса алады және құжат тапсыру мерзімінде бір рет қана тестілеуге қатысуға қажетті құжаттарын бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасынан өзі қалаған екінші бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасына ауыстыра алады.
Тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:
- математика және логика - 55 сұрақ;
- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.
Тестілеу тапсыру тілі: қазақ тілі.
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.
Тапсырмаларды орындау үшін үміткерге 120 минут уақыт беріледі. Тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары көрсетілген уақытқа кірмейді.
Тапсырмаларды орындау үшін үміткерге 120 минут уақыт беріледі. Тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары көрсетілген уақытқа кірмейді.
Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл). Мысалы үміткер 75 сұрақтың 70 сұрағына дұрыс жауап беріп, 5 сұрағына дұрыс жауап бермесе нәтиже былай есептеледі: 4*70+(-1)*5=280-5=275. Сонда үміткердің қорытынды ұпайы 275 болады.
Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.
Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. Конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығы мен білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.
Оқуға тестілеуде ең көп ұпай жинаған үміткерлер қабылданады. Үміткерлердің жинаған ұпайлары тең түскен жағдайда, "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадалардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға қабылдануға басымдыққа ие болады. "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квота беріледі.
Конкурс қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы 2022-2023 оқу жылының 7-сыныбына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады. Үміткерлердің резервтік тізімі негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жинаған ұпайларының көлеміне қарай кему тәртібімен қалыптастырылады және білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындар білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.
Конкурс материалдарын "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.
Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол өтетін ғимарат, аудитория бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесімен, арнайы техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.
Қосымша анықтама үшін сымтетік: 8 705 684 25 84 /Медет/, 8 705 704 65 38 /Қанат/ мектеп сайты: kapparovschool5.kz
Техникалық сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-52-66 телефонына, конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 (7172) 29-49-98 телефонына хабарласыңыз.