ТАЛАПКЕР – 2024 – 2025 ОҚУ ЖЫЛЫ

ТАЛАПКЕР – 2024 – 2025 ОҚУ ЖЫЛЫ



Түркістан облысының білім басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-білім беру ұйымы) 2024-2025 оқу жылына 7 қазақ сыныптарына оқушы қабылдауға конкурстық іріктеу (бұдан әрі- конкурс) жарияланады. Конкурс арқылы 7-қазақ сыныпқа 65 оқушы қабылдау көзделген. Конкурс 2024 жылғы мамыр-маусым айларының әр аптасының сенбі-жексенбі күндері бір күнде бір кезеңмен «Дарын» РҒПО алдын-ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында тестілеу форматында оффлайн режимде өтеді.

Конкурстың өту кестесі білім беру ұйымының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру 2024 жылдың 01 ақпаны мен 15 сәуірі күндері аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:


1) Үміткердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);

2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

5) Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса)


Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

-мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;

-ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;

-мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;

-жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

-төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;

-экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;

-мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады".



Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Ата-ананың (заңды өкілдің) электронды жүйе арқылы жоғарыдағы құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Атбұлақ елді-мекені, А.Абдусаттаров көшесі, №101 үй мекен-жайындағы мектеп-интернат базасына келіп, оның қызметкерлерінің көмегімен электронды құжат тапсыра алады. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.

Үміткер тек бір ғана мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін тестілеуге қатыса алады және құжат тапсыру мерзімінде бір рет қана тестілеуге қатысуға қажетті құжаттарын бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасынан өзі қалаған екінші бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасына ауыстыра алады.


Тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

- математика және логика - 55 сұрақ;

- оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;

- Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ тілі.

Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Тапсырмаларды орындау үшін үміткерге 120 минут уақыт беріледі. Тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары көрсетілген уақытқа кірмейді.

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл). Мысалы үміткер 75 сұрақтың 70 сұрағына дұрыс жауап беріп, 5 сұрағына дұрыс жауап бермесе нәтиже былай есептеледі: 4*70+(-1)*5=280-5=275. Сонда үміткердің қорытынды ұпайы 275 болады.

Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. Конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығы мен білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

Оқуға тестілеуде ең көп ұпай жинаған үміткерлер қабылданады. Үміткерлердің жинаған ұпайлары тең түскен жағдайда, "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадалардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға қабылдануға басымдыққа ие болады. "Мың бала" ауыл мектептерінің ұлттық зияткерлік олимпиадасының жеңімпаздары үшін қабылданатын оқушылардың жалпы санының он пайызы мөлшерінде квота беріледі.

Конкурс қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы 2024-2025 оқу жылының 7-сыныбына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады. Үміткерлердің резервтік тізімі негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жинаған ұпайларының көлеміне қарай кему тәртібімен қалыптастырылады және білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындар білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

Конкурс материалдарын "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.

Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол өтетін ғимарат, аудитория бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесімен, арнайы техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.

Қосымша анықтама үшін сымтетік: 8 705 684 25 84 /Медет/, 8 705 704 65 38 /Қанат/ мектеп сайты: kapparovschool5.kz



Бос педагогикалық лауазымдарға конкурс өткізу туралы хабарландыру

1.Мекеме туралы мәлімет:

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бос орындарға конкурс жариялайды.

Мекеменің мекен-жайы: Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Әбдалиев а.о, Атбұлақ ауылы, Абдусаттаров көшесі № 101 үй.

Анықтама, байланыс номері: 87253935204

Электрондық пошта: darуn_63@mail.ru


2. Бос лауазым атауы

1. Математика пәні мұғалімі, тұрақты орын, 16 сағ /1-бірлік/

2. Ағылшын тілі пәні мұғалімі, тұрақты орын, 16 сағ /1-бірлік/

3. Орыс тілі және әдебиеті пәні, тұрақты орын, 32 сағ /2-бірлік/

4. Тәрбиеші, уақытша, 1 шт бірлік


3. Пән мұғалімдерінің негізгі функционалдық міндеттері:

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.


4. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:

Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

5. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2023 жылдың 25.09-29.09.2023 ж қыркүйек аралығында. Конкурс өтетін күн 01.10.2023 жыл Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Әбдалиев а.о, Атбұлақ ауылы, Абдусаттаров көшесі № 101 үй, 104-бөлме, сағат 10:00

6. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 107 тармағына сәйкес (19.11.2021 №568 өзгерістерімен) жүргізіледі.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)


Т А Л А П К Е Р – 2 0 2 5 – 2 0 2 6 О Қ У Ж Ы Л Ы

Түркістан облысының білім басқармасының «Жамбыл Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған физика-математикалық мектеп-интернат» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі-білім беру ұйымы) 2025-2026 оқу жылына 7 қазақ сыныптарына оқушы қабылдауға конкурстық іріктеу (бұдан әрі- конкурс) жарияланады. Конкурс арқылы 7-қазақ сыныпқа 65 оқушы қабылдау көзделген. Конкурс 2025 жылғы мамыр-маусым айларының әр аптасының сенбі-жексенбі күндері бір күнде бір кезеңмен «Дарын» РҒПО алдын-ала айқындайтын мамандандырылған білім беру ұйымының базасында тестілеу форматында оффлайн режимде өтеді.

Конкурстың өту кестесі білім беру ұйымының және "Дарын" орталығының интернет-ресурстарында орналастырылады.



Конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру 2025 жылдың 01 ақпаны мен 15 сәуірі күндері аралығында qabyldau.daryn.kz сайтында жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар ұсынылады:

1) Үміткердің ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);

2) ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;

3) Үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;

4) Үміткердің 3х4 көлеміндегі 2 дана фотосуреті;

5)Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататынын растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса)


Қабылданатын білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
  • ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
  • мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
  • экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
  • мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары;
  • -аналары "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы отбасылардан шыққан балалар жатады.



Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.

Ата-ананың (заңды өкілдің) электронды жүйе арқылы жоғарыдағы құжаттарды тапсыруға мүмкіндігі болмаған жағдайда Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Қ.Абдалиев ауыл округі, Атбұлақ елді-мекені, А.Абдусаттаров көшесі, №101 үй мекен-жайындағы мектеп-интернат базасына келіп, оның қызметкерлерінің көмегімен электронды құжат тапсыра алады. Конкурсқа қатысу туралы өтінішті белгіленген мерзімнен кеш беру немесе құжаттар топтамасын толық ұсынбау құжаттарды қабылдаудан бас тарту үшін негіз бола алады.

Үміткер тек бір ғана мамандандырылған білім беру ұйымына түсу үшін тестілеуге қатыса алады және құжат тапсыру мерзімінде бір рет қана тестілеуге қатысуға қажетті құжаттарын бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасынан өзі қалаған екінші бір мамандандырылған білім беру ұйымының электронды базасына ауыстыра алады.

Тестілеу келесі пәндер бойынша 75 сұрақтан тұрады:

  • математика және логика - 55 сұрақ;
  • оқу сауаттылығы - 10 сұрақ;
  • Қазақстан тарихы - 10 сұрақ.



Тестілеу тапсыру тілі: қазақ тілі.

Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Тапсырмаларды орындау үшін үміткерге 120 минут уақыт беріледі. Тест материалдарын тарату, жауап парағының бөлімдерін толтыру, сондай-ақ түсіндіру жұмыстары көрсетілген уақытқа кірмейді.

Тестілеудің қорытынды нәтижелерін есептеу кезінде дұрыс жауаптар саны "4" (төрт) коэффициентіне көбейтіледі, ал бір дұрыс емес жауап "-1" коэффициентіне көбейтіледі. Осылайша, жалпы қорытынды есептеледі (4* дұрыс жауап + ( - ) * дұрыс емес жауап= жалпы қорытынды балл). Мысалы үміткер 75 сұрақтың 70 сұрағына дұрыс жауап беріп, 5 сұрағына дұрыс жауап бермесе нәтиже былай есептеледі: 4*70+(-1)*5=280-5=275. Сонда үміткердің қорытынды ұпайы 275 болады.

Нәтижелерді өңдеуді Конкурстық комиссия жауап парақтарын сканерлеу арқылы жүргізеді, нәтижелерді алу "Дарын" орталығының бірыңғай тексеру жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі. Сұрақ-кітапшасы қарастырылмайды.

Конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша апелляция жүргізілмейді. Конкурстық іріктеудің қорытындылары конкурстық комиссияның хаттамасымен ресімделеді және "Дарын" орталығы мен білім беру ұйымының интернет-ресурстарында конкурстық іріктеу өткізілгеннен кейінгі келесі күннен кешіктірмей орналастырылады.

Оқуға тестілеуде ең көп ұпай жинаған үміткерлер қабылданады. Үміткерлердің жинаған ұпайлары тең түскен жағдайда, "Дарын" орталығы, облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары білім басқармалары өткізетін республикалық олимпиадалардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері оқуға қабылдануға басымдыққа ие болады. Конкурс қорытындылары бойынша білім беру ұйымының басшысы 2025-2026 оқу жылының 7-сыныбына қабылдау туралы бұйрық, резервтік тізімге қабылдау туралы бұйрық шығарады. Үміткерлердің резервтік тізімі негізгі бос орындарға кірмеген конкурсқа үміткерлер қатарынан (10 үміткерден артық емес) жинаған ұпайларының көлеміне қарай кему тәртібімен қалыптастырылады және білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырылады. Резервтік тізімге енгізілген үміткерлер білім беру ұйымында бос орын болған жағдайда оқу жылының ішінде қабылдана алады. Бос орындар білім беру ұйымның интернет-ресурсында орналастырылады.

Конкурс материалдарын "Дарын" орталығының оқу-әдістемелік кеңесі әзірлейді және бекітеді.

Конкурстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін ол өтетін ғимарат, аудитория бейнебақылау және дыбыс жазу жүйесімен, арнайы техникалық жабдықтармен жарақтандырылады.


Қосымша анықтама үшін сымтетік: 8 705 684 25 84 /Медет/, 8 705 691 81 29 /Талғат/ мектеп сайты: https://kapparovschool.edu.kz/